Жаңа Қаратон кенті әкімінің өкімімен Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің орынбасары лауазымына Сапарбеков Беркін Нұрсайынұлы тағайындалды.
Әкімдіктің мәжіліс залында кент әкімі Сансызбай Баймұратов әкім орынбасарын ұжымға таныстырды.
- Беркін Нұрсайынұлы аудан әкімі аппаратында бірнеше жылдан бері қызмет етіп келді. Білікті маман, бұған дейін де өзіне жүктелген жұмыстарды аса жауапкершілікпен атқарып келді.Жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, өздеріңізбен тығыз байланыста жұмыс атқарады деген сенімдемін,-деп, лауазым иесінің қысқаша өмірбаянымен таныстырып өтті.
Беркін Нұрсайынұлы 1992 жылы 02 маусымда Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты–қазақ.Білімі–жоғары.
2011 жылы Алматы қаласы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 11.2014-12.2014 ж. ж Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінде қоғамдық қызметкер;
01.2015-05.2019 ж. ж
Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің инспекторы;
05.2019-11.2020 ж. ж. Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы;
11.2020-04.2022 ж. ж. Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік көрсетілген қызметтерді ішкі бақылау бөлімінің бас маманы;
04.2022-11.2022 ж.ж. Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.