Жаңа Қаратон кенті әкімі тағайындалды

Кент әкімі

Аудан әкімінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы   №8-к  қаулысымен Жаңа Қаратон кенті әкімі қызметіне Сансызбай Кеңесұлы Баймұратов тағайындалды.

Сансызбай Кеңесұлы - 1979 жылы 6 қаңтарда Атырау облысы  Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша;

2018 жыл - Батыс Қазақстан иновациялық-технологиялық университетін Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосындағы Б.Бегалиев атындағы орта мектепте лаборант болып бастаған.  

2001-2003 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектепте еңбек пәні мұғалімі қызметін атқарған.

2003-2010 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қызметінде болған.

2010-2014 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры лауазымын атқарған.

2014-2016 жылдары Жылыой ауданы білім бөлімінің әдіскері қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары Жылыой ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

2019 жылдың наурыз айынан бастап 2023 жылдың 24 қаңтарына дейін Жаңа Қаратон кентінің әкімі лауазымын атқарып келді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36 бабына және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешіміне сәйкес 24 қаңтар 2023 жылы өкілеттігі тоқтатылып, аудан әкімінің №8-к өкімімен 2023 жылдың 25 қаңтарынан бастап Жаңа Қаратон кентінің әкімі болып тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521