Жаңа Қаратонға бейнебақылау камералары орнатылса екен

Жаңа Қаратонға бейнебақылау камералары орнатылса екен

Кездесуге кент әкімі, мектеп басшылары, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастары қатысты.

Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, яғни аудан көлемінде өтіп жатырған "Қауіпсіз қала" жедел профилактикалық іс-шара шеңберінде кент тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге кент әкімі, мектеп басшылары, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастары қатысты. Кездесуді кент әкімі С.Баймұратов ашты. Әкімшілік аумақтың учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұрғали Жиенғалиев тұрғындар алдында жасаған жұмыстары жөнінде баяндады. Кездесуде жастардың көшелерде топтасып жүруі, олардың тарапынан бұзақылық немесе басқа да қоғамға жат іс-әрекеттердің орын алуы туралы айтылды,- деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ата-аналарға түнгі мезгілде балаларын қадағалау, олармен тәрбие жұмыстарын күшейту жөнінде айтылып, түсіндірілді. Жиынға қатысушылар аталған кентке учаскелік полиция инспекторларының штаттық санын көбейту және көшелерге бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Ж.Жеткізгенқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521