Жәрмеңкеде жылыойлықтардың өнімі

22 қыркүйек - 3 қараша аралығында "Сарайшық" коммуналдық базарында сенбі жəне жексенбі күндері қала тұрғындарын жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында "Əр ауданның күндері" атты көрме жəрмеңкесі басталған болатын.

Көрменің бірінші күнінде Жылыой ауданы кəсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды.

Аталған жəрмеңкеге Құлсары қаласы, кент жəне ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлері ет, сүт, нан жəне консерві өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынған болатын. Оған ауданнан барлығы 19 кəсіпкер қатысты. Олар 2 тонна ет өнімін, 5000 дана жұмыртқа, 1 тоннаға жуық сүт, шұбат, қымыз өнімдерін, 4 тонна көкөніс, жарты тоннаға жуық нан өнімдері мен екі жүз келі маринатталған консерві өнімдерін алып келді. Қазіргі таңда ауданымызда алты мыңнан астам кәсіпкер бар. Олардың 250-ге жуығы жеке қожалық иесі. Кәсіпкерлердің басым көпшілігі сауда саттықпен айналысады.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521