Атыраулықтар Жылыойдың еті мен шұбатын сағынып қалыпты

Салтанатты сәтте бір топ ауыл азаматтары ұлығыланды.

Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері өзінің кәсіби төл мерекесін атап өтеді. Өткен жылдан бастап, бұл атаулы күнге тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері де қосылды. Кәсіби мереке қазіргі пандемия жағдайына байланысты барлық санитариялық сақтық талаптарын сақтай отырып, облыс орталығындағы шағын шаралармен шектелді.

Шара шымылдығы өткен аптаның бейсенбісі күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиынмен ашылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, аймақтағы барлық аудандар мен Атырау қаласындағы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен қызметкерлер, шаруа қожалығының жетекшілері, ауыл еңбеккерлері қатысты. Салтанатты сәтте бір топ ауыл азаматтары ұлығыланды. Солардың қатарында жылыойлықтар да бар.

Атап айтқанда, аудандық ауылшаруашылық бөлімінде көп жылдар қызмет атқарып, зейнеткерлікке қалған Абай Ораев «Ауыл шаруашылығының ардагері» медалімен, ал «Ащысай» шаруа қожалығының жетекшісі Бақтығали Жиенқұлов «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Жоғары марапатты облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев салтанатты жағдайда табыс етті. Бұдан басқа «Олжабай» және «Мұрат» шаруа қожалығының жетекшілері Қанат Күнбаев пен Мұрат Оразбаевтар облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың алғыс хатымен марапатталды.

jyenkulov

Шара келесі жұма күні Атырау қаласындағы «Сарайшық» базарындағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесімен жалғасын тапты. Онда «Қалқаман», «Мұрат», «Төлес», «Ащысай», «Қарасу», «Жасұлан», «Мұнайлы», «Саяжан», «Әзи» шаруа қожалықтары жылқы, сиыр, қой еті мен шұбат өнімдерін апарып, базардың бәсінен төмен бағамен өткізді. Мәселен, сиыр етінің килосын 1700 теңгеден, ал шұбаттың литрін 1000 теңгеден қойды. Ал майкөмгендік «Ақінген» қожалығы қой малын тірілей жеткізіп, оны да арзанға сатты. Айталық тоқты 25 мыңға бағаланды. Жылыойлық шаруалардың арзан да сапалы өніміне қалалықтар дән риза болды.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521