Жүргіншілер өткеліне шамдар орнатылуда

Қыс айларында күн қысқарып, түн ұзарады. Осы кезде жарығы жоқ жаяу жүргіншілер белгісінен жолды кесіп өту де кейде қауіп туғызып жатады.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құлсары қаласындағы орталық көшелерде реттелмеген жаяу жүргіншілер өткеліне жарық диодты шамдар орнатылуда. Атап айтсақ, қаладағы Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Ыбырай Алтынсарин, Қабиболла Сыдиықов, Өтен Ақтоғайұлы және тағы да басқа көшелердің бойына жарық диодты шамдар орнатылуда.

Қала әкімшілігі мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, қаланы абаттандыру бағытындағы жұмыстардың аясында қалаішілік жолдардың бойындағы 27 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылмақ. Әр өткелге қос шамнан қойылып, барлығы 54 жарық диодты шам орнатылмақ.

Енді қала тұрғындары мен қонақтарының қараңғы уақытта жаяу жүргіншілер өткелінен алаңсыз өтуіне мүмкіндік туып отыр.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521