Жәрдемақы қалай тағайындалады?

Жақында аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Е.Отарбаевпен мүгедектердің жәрдемақысын алу мәселесіне байланысты әңгімелескен болатынбыз.

-Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны қалай тағайындалатыны туралы түсіндіріп өтсеңіз?

- Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңға сәйкес, азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Еңбек ету қабілетінен шектелу дәрежесіне қарай,мүгедектік топты медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілейді. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар МӘС бөлімшесі белгілеген мүгедектің бүкіл кезеңіне тағайындалады.Егерде мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгертілгеннен күннен бастап жүзеге асырылады.

- Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алу үшін қандай құжат керек?

-Жеке куәлік-сәйкестендіру үшін кез-келген банктік шоты,мүгедіктік анықтама қажет етеді.

-Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы қалай тағайындалады?

-Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің 18 жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысына айырылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ 23 жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқы бар. Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін мынадай құжаттар тізбесімен: қайтыс болу туралы куәлігі, банктік шоты, жеке куәлік – түпнұсқа сәйкестендіру үшін, 18 жасқа толмаған балалары болса, туу туралы куәліктерімен арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша рәсімделеді. Егерде 18 жасқа толған асыраушысынан айырылған балалары оқу орнында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

-Әңгімеңізге рахмет.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521