Жұмыссыздық мәселесі - басты назарда

Осы аптада аудан әкімі Азамат Бекет Теңіз кенішінде орналасқан 50-ге жуық мекеме басшылары мен өкілдерінің басын қосып, жиналыс өткізді. Онда аудан әкімі Елбасының Жолдауында еңбек нарығын жаңғыртуды тапсырғанын атап өтті.

Осыған орай жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыру қажет екенін және қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды жұмыспен қамту қажеттігін атап өтті. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Омаров 2018 жылы ауданымызда жұмыспен қамту үшін атқарылған жұмыстар және 2019 жылға жоспарлары туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде жыл сайын ауданымызда жұмыссыздар саны артып отырғанын ашық айтты.

Теңіз кенішіндегі мердігер және қосалқы мердігер мекеме басшылары мен өкілдеріне келіссөз жүргізу арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін қойды.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №8 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT