ал оны қабылдаған мекемелер он күн ішінде шешімін айтуға міндетті
Аудандық балалар мен жәсөспірімдер спорт мектебі ғимаратында аудандық Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған Теңіз кенішіндегі 29 мердігер мекеме қатысты.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы директоры Қайрат Омаровтың айтуынша, жәрмеңкеге орталықта тіркеуде тұрған 500-ден астам жұмыссыз тұрғындар шақырылған. Дегенмен жәрмеңкеге келіп, жұмыс іздеушілер қарасы бұл межеден асып түскен көрінеді. Келушілер өздерінің мамандығына сәйкес мекеме өкілдерімен сөйлесіп, түйіндемелерін тапсырды.
Орталық мамандарының айтуынша, түйіндеме қабылдаған компания ол маманды жұмысқа алатыны немесе алмайтыны туралы 10 күн ішінде нақты шешімін жіберуге міндетті екен.
Қ.Нұртайұлы