Жұмыссыздарға мүмкіндік: түйіндемені үйден отырып-ақ тапсырады

Елімізде электронды еңбек биржасы іске қосылып, жұмыссыздар жұмысты үйден отырып-ақ іздеуге мүмкіндік алды. Осы жөнінде жұмыспен қамту орталығының басшысы Қайрат Омаровпен сөйлескенбіз.

-Электронды еңбек биржасы дегеніміз не? Оның халыққа пайдасы, тиер қандай мүмкіндіктері бар?

-Жұмыссыз азаматтарды www.enbek.kz сайты арқылы жұмысқа ораластыру үшін электрондық еңбек биржасы іске қосылды. Демек, үйде отырған адам бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты қарау үшін аталған сайтқа кіреді, порталға тіркеліп, түйіндемені енгізеді, содан соң керек жұмыс орнын тандайды. Лайықты жұмыс таңдаған соң түйіндемесін жібереді, соңында жұмыс беруші сұхбаттасуға шақырады.

-Мекемелердің бос жұмыс орындары бар екенін электронды портал арқылы беруге міндетті ме?

-Әрине, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабы 2 тармағында бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап, бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге делінген. Осы заңға сәйкес мекемелер аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп, портал арқылы сұраныстарын түсіруі керек.

-Ал аудан бойынша электронды еңбек порталына қанша мекеме тіркелді?

-Аудандағы және Теңіз кенішінде орналасқан мекемелерге портал арқылы бос жұмыс орындарын электронды түрде жариялап, жұмысқа қабылдау қажеттігі жөнінде хат жолдаған болатынбыз. Соған сәйкес аудан бойынша 119 мекеме электронды еңбек порталына тіркеліп, өз бос жұмыс орындарын жариялап отыр. Бұндай жұмыстар алға қарай да жалғасын табады.

-Ел экономикасына бейресми жұмыс күшін рәсімдеу және тарту үшін қандай шаралар жүргізілуде?

-Бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында интернеттерде, әлеуметтік желілерде, БАҚ, SMS, Whatsapp арқылы мақалалар, роликтер орнатылды.

-Әңгімеңізге рахмет.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521