Жұмысшылардың тағамдануы талапқа сай ма?

Теңіз кенішіндегі «Шаңырақ» вахташылар қалашығында семинар-кеңес өтті.

Оған аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Д.Жарылғасова, басқарма мамандары, Теңіз кен орнындағы жұмысшыларды асханамен қамтамасыз етіп отырған мекемелер қатысты. Аудан әкімдігінің Теңіз кенішіндегі бас мемлекеттік инспекторы О.Бисенбиев вахташылар қалашығындағы мекемелерді тазалық және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға көңіл бөлуге шақырды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары А.Жұмағалиев облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау және алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Көбіне тамақтан уланудың себебі адами фактор болып отырған көрінеді. Яғни кейбір асхана қызметкерлерінің адамдардың денсаулығына деген немқұрайлығы. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Бекешова тағамнан уланудың алдын алу тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар ол облысымыздағы тамақтан улану фактілері орын алған компаниялар туралы мәліметтермен бөлісті. Адамдардың улануының себептерін айтып, тамақтан уланудың алдын алу шаралары туралы кеңінен түсінік берді. Жеке және қоғамдық гигиена шараларын сақтамаған кезде аурудың қалай жұғатыны туралы бейнеролик көрсетілді. «КМГС-К» компаниясының нормативтік талаптар бойынша маманы А.Бисенов қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру туралы баяндама жасады. «Caspian Offshore Construction Realty» компаниясының зертхана менеджері Инна Александрова тағам қауіпсіздігін бақылау туралы түсінік берді. Семинарды ТШО компаниясының өндірістік гигиена маманы Г.Айткенова қорытындылады.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ,

Құлсары-Теңіз-Құлсары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521