Жұмысшылар Теңіз кен орнына ПТР-анықтамасыз өтпекші болған

Олардың екеуі Орынбор қаласында тұратын Ресей азаматтары болып шықты.

Жылыойда Атырау облысы Жылыой ауданының Теңіз полиция бөлімшесінің қызметкерлері кен орнына блокбекетті айналып өтуге тырысқан бір топ адамның жолын кесті.

Теңіз полиция бөлімшесінің патрульдік полиция инспекторы полиция капитаны Тілеуке Құмаров блокбекетті айналып, кен орнына қарай бет алған "Lada Granta" автокөлігін көрген бойда басшылыққа хабарлап, өзі тоқтату үшін аталған көлікке бет алады. Бір мезгілде сол бағытқа оның әріптестері де жолға шығады.

Полицейлер Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы көлікті вахталық кентке кіреберісте тоқтатты. Жүргізушіден басқа салонда төрт ер адам, олардың екеуі Орынбор қаласында тұратын Ресей азаматтары болып шықты.

Құжаттарды тексеру барысында үш жолаушының, оның ішінде бір ресейлік азаматтың қолында ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама болмай шықты. Көліктегілер "Теңіз" вахталық кенті аумағында орналасқан ЖШС компаниялардың біріне бармақшы болған.

Қазіргі уақытта жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімге жолданды.

Полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521