Жұмыспен қамту заң аясында жүзеге асырылуы тиіс

Теңіздегі жиналыс

Теңіз кенішінде өткен жиында қаралған  басты мәселе осы болатын.

Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов Теңіз кенішіндегі мекеме басшыларымен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және уақытша кейін қайтарған жұмысшыларды қайтадан шақыру жөнінде кездесу жиналыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 15-ші қазан күні аудан басшысы “Теңізшевройл” ЖШС-нің мердігер мекемелері "Сичим", "Велесстрой", "Сенімді Құрлыс", "Монтажспецстрой", "Денхолм Жолдас" және "Нефтестройсервис" ЖШС-нің басшыларымен және аталған мекеме кадр мәселесіне жауапты тұлғалармен кездесті. Кездесу барысында ашық әңгімелесуге шақырды. Елімізде болып жатқан жағдай жұмыссыздардың арта түсуіне байланысты, соның ішінде Жылыой ауданы бойынша да мәселенің шешілуіне бір кісідей жұмылуға шақырды.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Омаров кеніштегі барлық мекемелермен күні бүгінге дейін тығыз байланыста отырғанын баяндап бірлесе атқарған жұмыстары жөніндегі баяндады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, кемшіліктерді де атап өтті. ҚР заңдылығына сәйкес "Халықты жұмыспен қамту туралы" заң талаптарын сақтау жөнінде талап қойылды.

Сол секілді өзге мекемелердің де көрсеткіштеріне тоқталды. Аудан әкімі Х.Жамалов Мекеме басшыларына ҚР заңы бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарына сұраныстарын жолдауды талап етті және жұмысынан босатылып демалысқа жіберілген жұмысшыларды кері шақыру жөнінде де ескертті.

Аудан әкімі бұл кездесудің нәтижесін күтетінін айтып, орындалысын бақылау мақсатында қараша айында аталған мекеме басшыларымен қайтадан кездесетінін мәлімдеді.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521