Жүктелген міндет жүзеге асуымен құнды

Жақында облыстық мәслихат жанынан Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының облысымызда жүзеге асырылуын бақылау мақсатында комиссия құрылған болатын.

Аталған комиссия Жылыой және Мақат аудандарында болып, аталған бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан жобаларды көзбен көріп, жұмыс барысымен танысты. Облыстан келген топ құрамында облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Барлыбайұлы, облыстық, мәслихат депутаты, бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Баязи Әбдешев, облыстық мәслихат депутаты Айтпай Сисеновтер болды. Алдыңғы кезекте аталған топ Жылыой ауданында болып, онда жүзеге асырылып жатқан жобаларды көрді. Аталған топ құрамына аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев, аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевтар қосылды. Олар «Металл Продукт» ЖШС-ның басшысы Қадіржан Құлтекеновпен кездесіп, мекеме жұмысымен танысты. Металл жай-маларын шығаратын комбинатта қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

- Бұл жерде 89 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыс басталған кезде 120 адамға дейін жұмысқа қабылдаймыз. Ал егер де 4 ауысыммен толыққанды жұмысқа кірісетін болсақ, 400 адам жұмыспен қамтылады. Темір балқытатын екі пеш бар. Оның әрқайсысына бар болғаны 2 сағат ішінде 7 тоннадан темір балқытуға болады. Жалпы кәсіпорынның жылдық қуаты - 15 мың тонна. Өнімді, негізінен, ауданымыздағы мердігер мекемелер құрылысқа алып отыр,-дейді бас инженер Ерғали Құлтаев. Мұндағы негізгі өнім - арматура, бұ¬рыш¬тама, швеллер. Алдағы уақытта 1мм-ден 8 мм-ге дейін сым шығару жоспарда бар. Бас инженердің айтуы бойынша, мұнда 8, 10, 12, 19, 16, 18, 20, 25 мм дейінгі қалыңдықта арматура, 45, 50, 63, 75 мм бұрыштама және 100, 120, 140 мм швеллерлер шығаруға болады екен. Өнім мемлекеттік стандартқа сай жасалып, талапқа сай арнайы зерттеуден өтіп отыр.

Қ.Дүйсенбетов.

(Толық нұсқасын «Кең Жылой» газетінің №38 санынан оқи аласыздар).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521