Өзге ұлт өкілдері санбекеттен өтерде қиналуда

Жуырда «NurOtan» партиясы Жылыой аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ауданымыздың бас дәрігері Н. Үкібаев және аудан әкімі орынбасарлары қаладан 90 шақырым жерде Маңғыстау облысымен шекараласып жатқан санитарлық бекеттің жұмыстарымен таныстық.

parbak1

Санитарлық бекет тәулік бойы қызмет атқарады. Арнайы жасақталған вагондар қойылған, жарықпен, жылумен, техникалық құрал-жабдықтармен, мезгілімен ыстық тамағымен, арнайы бетперде, бірреттік қолғаппен қамтамасыз етілген. Бекетте полиция қызметкерлері көліктердің жүрісін қадағалап, ал медицина қызметкерлері ара қашықтықты сақтай отырып дене қызуын арнайы (тепловизор) құрылғысымен анықтауда. Арнайы рұқсатпен кірген-шыққан адамдар мен көлік нөмірі журналға тіркелуде.

parbak2

Тек қиындық туғызып отырған мәселе - ірі көлік (фура) жүргізушілері өзге ұлт өкілдері, дәрігерлер берген сауалнаманы толтыру кезінде қиналуда. Санитарлық бекетте барлық жағдайды күннен-күнге күшейтуіміз қажет.

Партиялық бақылау комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521