Республикалық экологиялық акция аясында Жем ауылдық округі өзен-көл жағалауларын тазалау жұмыстары жүргізілді.
«AZA Qazagstan» республикалық экологиялық акциясы аясында Жем ауылдық округінің өзен-көл, су жағалауларын қоқыстардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жем ауылдық округіне қарасты Жем өзені бойы, Бимырза су айдыны бойына тазалық жұмыстары жасалып, оған ауыл жастары, мекеме қызметкерлері, Жем ауылдық округі әкімі аппараты, №4 мектеп, Балауса балабақшасы, "Жылыой тазалық" ЖШС, "Ансар Партнерс" ЖШС қызметкерлері жұмылды.
Тазалық жұмыстарына барлығы 30 адам, 1 трактор тіркемесімен, 1 «ГАЗель» жүк көлігі, 2 жеңіл көлік жұмылдырылды. Акция қорытындысында қатысушыларға Жем ауылдық округі әкімі Б.Қариев қатысушыларға ризашылығын білдірді. Аталған акция 31 тамызға дейін жалғасатынын хабарлап, ауылдың барлық тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін қатысуға шақырды.
Қ.НҰРТАЙҰЛЫ