Өзекті әлеуметтік сауалдарға нақты жауап

Тәуелсіздік игілігін сезіне білген әр азамат ел үшін қызмет ететіні сөзсіз.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы пандемиядан кейінгі ахуалды ескере отырып, экономиканы қалпына келтірумен қатар, әлеуметтік және мәдени өмірді жақсартуға бағытталып отыр. Жолдауды тыңдай отырып, мемлекетіміздің алдағы даму жоспарынан тағы да жақсы хабардар болдық.

2022 жылдан 2025 жылға дейін бюджеттен қаржыланатын салалар: мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқа да қызмет түрлеріндегі қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіру тапсырмасы халық табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын арттырары сөзсіз. Сондай-ақ, еліміздің экономикалық әлеуетін ескере отырып төменгі табыс мөлшерін көтеру әлеуметтік маңызды топтар үшін де маңызды.

Ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидия мен тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа бағытта жасалған бағдарламалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлкен мүмкіндік. Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы. Аналар қауымы да бұл ұстанымды қолдап отыр. Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндеміз.

Егемендігіміздің 30 жылдығына осындай үлкен қадамдардың жасалуы әр азаматтың болашаққа сеніммен қарауына септігін тигізеді. Тәуелсіздік игілігін сезіне білген әр азамат елдегі бейбіт өмірді, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтай отырып ел үшін қызмет ететіні сөзсіз.

Н.Бердібекова,

Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі,

№1 қалалық кітапхана меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521