Зейнеткерден пневмония табылды

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған.

7 сәуір күні таңертең Атырауда коронавирус жұқтырған тағы үш жағдай анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қауіпті инфекция жұқтырған жаңа жағдайлар туралы денсаулық сақтау басқармасында хабарланды. Вирус жұқтырғандар арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар. «Зейнеткерден пневмония табылды. Оның жағдайы ауыр», - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған. Осылайша Атырау облысында Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

Қазіргі уақытта 28 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, оларда аурудың жеңіл түрі байқалады. Екі адамның жағдайы орташа ауыр, тағы екі пациенттің жағдайы ауыр. Тиісті органдар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды шұғыл оқшаулайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521