Жылыой ауданындағы дауыс беру учаскелерінің бәрінде ырғақты әуен ойнатылып, сайлаудың салтанаты сезілуде. Өз таңдауын жасауға келген 101-учаскенің сайлаушысы Нұрсәуле Қазанова да сайлауды салтанатты мереке деп есептейтінін айтады. Медицина саласының қызметкері қоғамның көшінен қалмай, өзі аталған саланың ардагері болса да әлі күнге мамандығы бойынша қызмет етіп келеді екен.
-Осылай жұмыс істеп, жасымыз келсе де еңбек етіп шетке шықпай жүргеніміз үшін де бақыттымын. Мен бұрын дәл бүгінгідей сайлауға мән беріп қарап, дауыс беру үшін арнайы келмегенмін. Осы жолы ойымды өзгертіп бірінші рет өз таңдауымды жасауға келдім. Кім жеңсе де, алдағы уақытта халық мүддесіне қызмет ететіндер жеңіске жетсін дегім келеді дейді ол.