Иә, бұл сауал зейнет жасына жақындап қалған кез келген жанды мазалары анық. Шынымен де, болашақ зейнетақының мөлшері қандай болмақ? Ал оған жауап іздеген салымшылар ыңғайлы құрал ретінде зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Оның мүмкіндіктері жақында ғана жаңа функциялармен толықты. Енді сіз өзіңіздің болашақ зейнетақыңыздың қанша болатынын дербес есептеп, болжап қана қоймай, сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемінің де қандай екенін біле аласыз!
Бұл, әрине, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес сақтандыру ұйымы мен болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы жүзеге асады.
Бұл ретте мүгедек жандардың және зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы да ескерілді. Бұл оларға зейнетақы аннуитетінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекске сәйкес, ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері кезең-кезеңімен 70% дейін, ал ең жоғары мөлшері 2023- 2027 жылдар кезеңінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 120% дейін ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50% дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудару мүмкіндігіне ие болды.
Естеріңізге салайық, Калькулятор екі түрде ұсынылған. "Ағымдағы" - бұл неғұрлым жеңілдетілген нұсқа, оның көмегімен зейнетке алдағы жылы шығатындар міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерін есептей алады. "Болжамды" ка лькулятор болашақ зейнет ақының болжамды мөлшерін е с ептеп қана қоймай, оның неден тұратынын да көрсетеді.
Есептеу үш сценарий бойынша жүзеге асырыла - ды: пессимистік, шынайы және оптимистік. Бұл с а лымшыға нақты инве стициялық кірістің болжамды деңгейін е скеретін барлық мүмкін нұсқа ларды көруге көмектеседі. Есептеу кезінде Калькулятор барлық құрамдауыштарды - базалық және орт ақ зейнет ақыны; 10% МЗЖ; 5% МКЗЖ және ерікті зейнет ақы жарна ларын е скереді. Болашақ зейнетақының мөлшерін Болжамды ка лькулятор арқылы е с ептеу үшін бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау қажет. Туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі сияқты барлық өрістерді толтырып, бүгінгі күндегі жинақ сомасы мен соңғы уақыттағы орташа жалақы мөлшерін көрсетесіз.
Нәтиже алу үшін - "есептеу" батырмасын басасыз. Калькуляторды жеке кабинет арқылы пайдаланған кезде барлық дерлік өрістер автоматты түрде толтырылады және есептеу дәлірек болады. Зейнетақы жинақтарының болжамды сомасы жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен асып кеткен жағдайда, оларды тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге алу мүмкіндігі туралы хабарлама пайда болады. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтары жеткілікті болса, салымшылар үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін "Өмірді сақтандыру компаниясына (ӨСК) жинақтарды аудару" функциясы көзделген.
Зейнетақыны есептеу нәтижелері ағымдағы күнтізбелік жылға болжамды болып табылады, ал түпкілікті есеп сақтандыру ұйымына жүгінген кезде жүргізілетінін есте ұстаған жөн.
Тыныштық СӘДЕШОВА, «БЖЗҚ» АҚ-ның Құлсары бөлімшесінің басшысы