Зейнетақы жинағын пәтер алуға беру – жақсы бастама

Азаматтарға зейнетақы қорларында жинақталған қаражаттарын пайдалануына мүмкіндік туса жақсы болар еді.

Менің ойымша, бүгінгі Жолдауда елдегі ең өзекті мәселелердің бәрі қамтылды. Яғни, Президент жағдайды бақылап, біліп отыр. Мысалы, зейнетақы жинақтарын айтсақ болады. Оның белгілі бір бөлігін пәтер алуға немесе балаларын оқытуға жұмсау мәселесі. Бұл өте жақсы бастама.

«Үкіметке жыл соңына дейін жұмыстағы азаматтардың зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мысалы, баспана сатып алу үшін немесе білім алу үшін. Шығындарды азайтып, активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсарту үшін Үкіметке бюджеттік жүйені шоғырландыру мәселесін зерделеу, әлеуметтік қамтамасыз етуде бірыңғай әлеуметтік қор мен бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу жүктеледі», - деген еді Қазақстан Президенті.

Дегенмен, ол зейнетақы жинақтарын пәтер сатып алуға немесе балаларын оқытуға алу мәселесін әлі де болса қоғаммен бірге талқылау қажеттігін баса айтты. Азаматтарға зейнетақы қорларында жинақталған қаражаттарын пайдалануына мүмкіндік туса жақсы болар еді.

Мұстахима Малашқызы,

мұнайшы ардагер

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521