Зейнетақы жинағын алу үшін қандай құжат қажет?

Cұрақ-жауап

Сәлеметсіз бе! Ағам қайтыс болғаннан бері бір ай мерзім өтті. Біз оның зейнетақы жинақтарын алу үшін қандай құжаттар қажет екенін және нақты қандай қаражат ала алатынымызды білсек деп едік.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі - ЖЗШ) қаражаттан аспайтын мөлшердегі жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

Бұған қоса Заңның ережелерінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылатыны айқындалған. Заңның 34-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Аталған тәртіп, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.

Төлем түріне, оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне (өзі келгенде/пошта байланысы құралдары/үшінші тұлға арқылы жүгінген кезде) байланысты қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері және төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру және сенімхат үлгілері www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ-ның веб-сайтында орналасқан.

Садешова Галия,

Құлсары қаласындағы ҚКО бастығы

Атырау облыстық филиалы, "БЖЗҚ" АҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT