Үздік операторлар

Жақында «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы «Үздік маман – 2018» байқауының қорытындысын шығарды.

«Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты С.Балғымбаев кен орнында өткен марапаттау шарасында компанияға қарасты кәсіпорындардан барлығы 70-ке жуық жұмысшы-қызметкер қатысты. Олар үздік 13 номинация бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздар қатарында жылыойлық мұнайшылар да аз емес.

- Биылғы байқаудың ерекшелігі сол, үміткерлердің көпшілігін жас мамандар құрады. Олардың үшеуі - дуальдық оқыту бағдарламасы бойынша басқарма кен орындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін компанияға жұмысқа алынған жұмысшылар. Бұл ретте «Ембімұнайгаз» АҚ-ның аймақ жастарын жұмыспен қамтуға және мұнай-газ саласының кәсіби мамандарын даярлауға айтарлықтай үлес қосып отырғанын айта кеткен жөн,-деді жеңімпаздарды марапаттау сәтінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

Біздің үздік мұнайшылар алты номинация бойынша жеңіске жетті. Атап айтқанда, «Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы» және «Токарь» номинациялары бойынша «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Мейрам Қаратаев пен басқарма маманы Аманбай Құсайыновтар ІІІ орынды иеленсе, «Мұнай және газ операторы», «Ұңғымаларды зерттеу операторы» номинацияларынан басқарманың операторлары Жалғас Рамазанов пен Абай Текеевтер ІІ орынды жеңіп алды. Ал «Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы (вахта)» және «Электр газбен дәнекерлеуші» номинацияларында біліктілігін сынға салған операторлар Келдібай Сариев, Орынбасар Мусиев пен Саян Мұқашев және дәнекерлеуші маман Әнуарбек Бітімәлиевтер өз кәсібінің үздіктері деп танылды. Олар жүлделі І орынды жеңіп алып, арнайы диплом мен ақшалай сертификатпен және имидждік сыйлықпен марапатталды.

Е.ҚОШАҚАНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521