«Үздік бизнес жаттықтырушы» номинациясын иеленді

Алтынгүл Атабаева - кәсіпкер, бизнес тренер, коуч маман.

«Жылыой кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігінің құрылтай мүшесі. «Бизнес тайм» тегін кәсіпкерлік бағдарламасының авторы әрі тренері, «Ой алаңы» интеллектуалдық конференциясының авторы әрі жүргізушісі.

Атырауда өткен «Жыл кәсіпкері - 2018» облыстық байқауында «Үздік бизнес жаттықтырушы» номинациясын иеленді.

Алтынгүл 2015 жылдан бастап «Бизнесте өсу» тренингі мен Алматы қаласындағы бизнес тренер С.Төрекештің, Асқар Секербаевтың «Қаражатсыз кәсіп аш», т.б. 20-ға жуық бизнес тренингтерінен өткен.

Кәсіпкерлерге арналған «Қарапайым маркетинг», «Қаржылық есептеу», «Бизнес психология», «Идея таңдау» тақырыптарында тренингтер өткізіп жүр.

Осы күнге дейін студенттер мен кәсіп ашамын деген 150 адамды оқытты. Олардың 30- ға жуығы өз кәсіптерін ашты. Сонымен қатар қайырымдылық іс-шараларында волонтер болып та үлгеріп жүр.

Ж.Есмұханқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521