ЗАҢНАМА ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ ҚАЖЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі дамыту жолдарын көрсетіп берді.

Онда Мемлекет басшысы экономика салаларындағы жүйелі өзгерістерге қатысты бірқатар маңызды тапсырма беріп, заңнамаға түзетулер енгізуді немесе жаңа заңдар қабылдауды тапсырды. Соның бірі –экономикалық белсенділікті ынтыландырудың және финтех секторының одан әрі серпінді дамуының өзекті міндеттеріне жауап беруге тиіс жаңа Банктер туралы айтып, қазіргі қолданыстағы заң 30 жыл бұрын мүлдем басқа жағдайда қабылданғанын атап өтті. Шынында да, банктерге Мемлекет басшысы айтқандай, үлкен өзгерістер қажет екені анық. Біздің түсінігімізше, банк халыққа қызмет етуі тиіс. Халыққа пайызы жоғары несие бере бергеннен гөрі еліміздің экономикасының дамуына инвестиция тарту жолдарын қарастыруға ерекше көңіл бөлгені жөн. 

Сонымен қатар, Президент тапсырмалары-ның үлкен пакеті жаңа салықтық әкімшілендіруді көздейтін жаңа Салық кодексін әзірлеуге және қабылдауға қатысты болды. Мемлекет басшысы осы құжатты сапалы деңгейде дайындау үшін жаңа кодексті қабылдауды келесі жылға қалдыру мүмкіндігін де жеткізді.

Бұған қоса Президент мемлекеттік кәсіпорындарды басқару саясатын әзірлеуді, олардың мақсаттарын, функцияларын, түрлерін, қаржыландыру әдістерін және қызметтің басқа аспектілерін заңнамалық тұрғыдан реттеуді тапсырды. Бір сөзбен айтқанда, Президент айтқан заңнама жүйелерін жетілдіруіміз қажет.   

 

                   Еркін ЖҰМАЖАНОВ,                        

               сарапшы, экономист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT