Зайырлылық пен дін – біртұтас қоғам

Аудан әкімдігінде «Зайырлылық пен дін – біртұтас қоғам» тақырыбында біркүндік семинар өтті.

Оған аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер, «Дінтану» пәні мұғалімдері қатысты. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова ашты. Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Мейірбек Құбышев семинардың мақсаты қоғамның тұрақтылығын сақтаудағы және жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудағы дәстүрлі діни құндылықтардың орны мен рөлін ашып көрсету екенін атап өтті. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологтары Мұхидден Омаров, Нұрсұлтан Беков және облыстық ақпараттық талдау орталығының оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің теологі Аманжол Мағазовтар дәріс өткізді.

Қ.Дүйсенбетов.

(Толық нұсқасын «Кең Жылой» газетінің № 38 санынан оқи аласыздар)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521