Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бағытында шаралар қабылданып, тиісті арнайы бағдарламалар әзірленді. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылданды. Мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігі және мемлекеттік қызметшілерге жүктелген міндеттердің іске асырылуы белгіленген осындай мемлекеттік кешенді шаралар жүйесіне байланысты.
Осыған орай басқарманың 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл шаралары жоспарына» сәйкес, негізгі жұмыстар уақытылы жүргізілуде. Басқарма басшылығы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі ұсынымдар, өзінің құзыреті шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі ұстанымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуына жауапкершілік пен бақылау талаптарын басшылыққа алады.
Бұл кеселдің алдын алу үшін жаңа тұжырымдамалық модель жасау үшін байыпты талдау, ұйымдастырушылық және үгіт-насихат жұмыстары қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің профилактикалық жүйесінің негізін алдын алу шаралары құрайды. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Осы мақсатта санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлық белгілерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Жоспарда мемлекеттік қызметшілердің кірістер мен салық салынатын мүлік туралы декларацияларды уақытылы ұсынуын бақылау көзделген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық құжаттаманы, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын қабылдау және беру "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу деректерін анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық жүргізуші мекемеге тексеріс жүргізу кезінде мамандардың заңнаманы сақтауы – мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың өтінішімен жұмыс істеу кезіндегі жауапкершілігі.
Сыбайлас жемқорлық салдарынан құқық бұзушылықтарды анықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында азаматтардың шағымы мен ұсынысына арналған жәшік орнатылған. Басшылық жеке қабылдау жүргізеді, сенім телефоны, кеңсе жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын, қызметтік этикасын арттыру және мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық іс-әрекетін жасаудың алдын алу мақсатында семинарлар түрінде жүйелі құқықтық оқыту жүргізіледі.
Басқарманың екінші қабатының кіреберісінде көрнекі орында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламенті орналастырылған. Ғимараттың кіреберісінде жеке және заңды тұлғалардың хаты мен арыз – шағым, өтініштеріне арналған пошта жәшігі қойылып, 5-65-06 «Сенім телефоны» жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтер көрсету және өзге де рұқсат беру функцияларын орындау барысында түсінік жұмыстарын мамандар бейнебақылау орнатылған кеңседен жүргізеді. Басқарманың ауласында алғы және артқы жағында және ғимараттың кіреберіс, кеңсе бөлмелерінде, дәлізде бейнебақылау камералары орнатылды.
Сонымен қатар көрнекі орындағы ғимараттың екінші қабатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі тұр. Басқарма басшысының азаматтарды қабылдау кестесі ілінген. Ол аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндеріне сағат 15.00-ден 17.00-ге белгіленген. «Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық басқармада мемлекеттік қызмет уақытылы көрсетіліп, тиісті жұмыстары атқарылып келеді.
А.Төлепова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы