"Заң керуені" Жылыойда жалғасын тапты

Бүгін, 9 қарашада Жылыой ауданында "Заң керуені" акциясы өткізілді.

Атырау облыстық прокуратурасының бастамасымен бұған дейін өзге аудандарда болған   «Заң керуені» акциясы Жылыойда жалғасын тапты. Акцияның негізгі мақсаты–облыс көлеміндегі ауылдарға барып, жергілікті тұрғындармен кездесу, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, құқықтық көмек көрсету, құқықтық  мәдениет деңгейін арттыру, өтініштерін қарап, оларға көмек көрсету болып табылады.

Осыған орай, бүгінгі жиында денсаулық сақтау басқармасы, экология, ауылшаруашылығы, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, білім беру, полиция, қылмыстық атқару жүйесі, сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік кірістер сондай-ақ жұмыспен қамтуды біріктіру және әлеуметтік бағдарламаларды басқару қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық мобильді топ жұмыс істеді.