Демонстрациялар мен шерулер үшін келісілген тәртіп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 32-бабына сәйкес 06.06.2020 жылдан бастап Қазақстанда хабарлама түрінде митингілер мен пикеттерді ұйымдастырып, өткізу «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының заңы бойынша іске асады.
Заңның 10 және 11-баптарына сәйкес ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға шараның өткізілетін күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді, ол 3 жұмыс күні ішінде қаралады.
Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді (Заңның 11-бабы 1-тармақ 3) тармақша). Бұл хабарлама сипатының мағынасы.
Демонстрациялар мен шерулер үшін келісілген тәртіп көрсетілген. Бұл үшін арыз өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күн бұрын беріледі, олар бойынша жергілікті атқарушы орган жеті жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12,13-баптары).
Бұл ретте, бейбіт жиналыстар арнайы орындарда ғана өткізілуі тиіс. (Заңның 9-бабы).
Жергілікті өкілді органдар мұндай орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтыру нормаларын және материалдық-техникалық пен ұйымдық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын рәсімдеу, сондай-ақ пикеттеуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекараларын айқындау жұмыстарын орындайды (Заңның 8-бабы).
Одан басқа, демонстрациялар мен шерулерді өткізу ыңғайлылығын, көлік пен инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін, азаматтардың қауіпсіздігін, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жол жүру маршруттары да анықталады (Заңның 1-бабының 3-тармағы, 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 9-бабының 2-тармағы, 9-бабының 2-тармағы, 13-бабы, 1-тармағының, 4)тармақшасы).
Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Сонымен қатар қазіргі таңда азаматтардың арасында коронавирусты жұқтыруын болдырмау мақсатында елімізде карантин шаралары жалғасуда.
Сондай-ақ бейбіт жиналыстарды жаңа белгіленген заң тәртібін бұза отырып, ұйымдастырып қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылық ретінде 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген.
Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).