"ҚЫЗМЕТКЕРІМ ПАРАМЕН ҰСТАЛСА, ӨЗ ЛАУАЗЫМНАН БАС ТАРТУҒА ӘЗІРМІН" - ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ ӘКІМІ АЗАМАТ БЕКЕТ

280 000 000 теңге бөлінген тендерді Ақтаулық құрылыс компаниясы ұтып алған еді

«Antikor.live» жобасы аясында «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Әкімдер апталығында» тікелей эфирге шыққан Жылыой ауданы әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлы «Қызметкерлерімнің адалдығына сенемін, ал егер парамен ұсталып, ол қылмысы дәлелденсе, жұмысымнан өз еркіммен кетуге әзірмін» деп мәлімдеді.

Тікелей эфирде аудан әкімімен халық алдында айтыла-айтыла жауыр болған өзекті мәселелер талқыланды. ​Біздің зерделеу жұмысымыздың нәтижесінде МОНОҚАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЖОЛ, АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕЛЕРІ кедергі болып отырғандығын байқадық. Азамат Бауыржанұлының өзі де бұны жасырмады.

Атап өтсек, өткен жылы басталған Құлсары қаласындағы Махамбет орталығының тасжолы әлі күнге бітпеген. 280 000 000 теңге бөлінген тендерді Ақтаулық құрылыс компаниясы ұтып алып, сапасыз жартылай жол салып, құрылысты аяқсыз қалдырған. Алайда, жартылай сапасыз құрылысына аудан бюджетінен 90 млн.-ды алып үлгерген екен.

Әкімнің айтуынша, өнім берушіні жауапкершілікке тарту мақсатында сотқа материал жолданды. Сол сияқты іргетасы қаланған Абай мектебінің құрылысы, өзге де ауылішілік жолдары жартылай басталып, аяқсыз қалған жұмыс көп. Алайда біздің тікелей эфирді көрген тұрғындар алдында: "БИЫЛ ҚАЛАЙДА АЯҚТАТУҒА ЖҰМЫСТАНАМЫН" деп уәдесін берді.

Әкім блогында Айдын есімді азаматтың *Жаз болса Құлсары қаласында ауыз судың қысымы азайып кетеді. Бес қабатты үйлердің жоғарғы қабатында тұратын, кейбір шеткі ықшамаудандарда тұратын тұрғындар үйлеріне су жетпей қиналады. Өткен жылы бұл мәселе қоғамдық кеңес қарауында тұрғындардың қатысуымен талқыланды. Одан нәтиже шықты ма? Биыл қала халқына ауыз су жеткілікті түрде жеткізіле ме?" деген сұрағына Азамат Бауыржанұлы ауыз су мәселесінің жылда біртіндеп шешіліп отырғандығын айтып ақталды.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521