Қыздың ұятында ұлттың мұраты бар

Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды.

Жиналысты комиссия төрағасының орынбасары Зәуре Қалмұқанова жүргізіп отырды. Комиссияда алдымен аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы тыңдалды. Аудандық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігерлер меңгерушісі Бибігүл Медениева баяндама жасады. Баяндамашыға ана мен бала денсаулығын жақсартуға қатысты сұрақтар қойылды.

Кәмелетке толмай ерте некелесу және қыз балаларды ерте ана болудан сақтандыру мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы аудандық емхананың отбасын жоспарлау кабинетінің психологі Алтынгүл Естебаева баяндады. Комиссия мүшелері осы өзекті мәселені шешу жолдарын кеңесті. Ерте жүктілік сияқты келеңсіздікті болдырмау жайларын ойластырып, баяндамашыға көптеген сұрақтар қойды. Комиссияда сондай-ақ Құлсары мұнай және газ технологиялық колледжіндегі оқушылардың, әсіресе қыз балалардың арасындағы тәрбие мәселесі талқыланды.

Колледждің жастар ісі жөніндегі инспекторы Әлия Халелова баяндама жасады. Оның баяндамасынан белгілі болғандай, оқу орнында көптеген тәлім-тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Колледжде жоспарға сай іс-шаралар, ашық әңгіме, дәрігерлермен кездесу өткізіліп тұрады. Қыз балалардың мінез-құлқына нәзіктік, ибалылық, әдептілік пен сұлулық сезімдерін дарыту үшін өткізіліп жатқан шаралар да аз емес. Аудандық «Кең Жылой» газетінде гендерлік саясат жөнінде насихат жұмысының қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде комиссия мүшесі, газеттің бас редакторы Сәулеш Шәтенова баяндама жасады.

С.Бақтығали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521