Қысқа дайындық пысықталды

Оған ауыл және кент әкімдері, ауданымыздағы дербес бөлім басшылары қатысты. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Қахарман Бағынов жүргізіп отырды. Алдыңғы кезекте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернар Ысмағұл аудандағы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер, орталық жылыту қазандығы жай-күйімен таныстырды.

«Жылыойгаз» ЖШС-нің басшысы Ғалым Жақашев ауданда 17754 газ тұтынушы бар екенін айтты. Көпқабатты үйлердегі қолдан жасалған жылыту қазандығын қондырып отырған 54 пәтердің иесі сотқа беріліп отырғанын жеткізді. Аудандық ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау майоры Е.Нұрланов 2018-2019 жылдары қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізілген шаралар туралы баяндады.

Қ.Нұртайұлы.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика