«Ғылым таппай мақтанба!»

Тұрақты жанұялық оқырмандары арасында кеш өтті.

Аудандық балалар кітапханасында «Ғылым таппай мақтанба!» тақырыбында өткен кеш ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Тұрақты жанұялық оқырмандары арасында өткізілген кеш мақсаты оқырмандар ақынның шығармаларын жатқа оқып, әр оқырманның өз замандастарына эстафета жолдауы болып табылды.

2-3-сынып оқушылары Диана Лауадин мен Ғалым Дархан ақынның «Ғылым таппай мақтанба!» өлеңдерін жатқа оқып, Ұлболсын Лауадин «Көзімнің қарасы» әнін, жасөспірім оқырмандар Әсемай мен Айым «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, өз сыныптас достарына кезекті эстафетаны жолдады. Кітапханашы Бөбек Садықова слайд арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, белсенді оқырманы бар уақытта Абай мұрасы мәңгілік екенін жеткізіп, оқырмандарға сәттілік тіледі.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521