Қылмыстық процестің үш буынды моделі

Өткен мерзімде полициямен 400-ге жуық негізгі шешімдер қабылданды

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттемеден кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, 2020 жылдың 31-і желтоқсанында қолданысқа енгізілді.

Жаңа заңға сәйкес қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Енді полиция қылмысты ашуға бағытталған жұмыстар жасап, оған қатысты тұлғаларды анықтап, дәлелдерді жинақтайды және бекітеді. Өз кезегінде прокурор жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, азаматтардың құқықтарының бұзылуына тосқауыл қойып алдын алып, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына жол бермей, сотта мемлекеттік айыпты қолдайды.

Аталған қадам өз кезегінде құқық бұзушылықтардың дереу жолын кесуді қамтамасыз етіп, жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді. Енді күдікті деп тану, әрекетін саралау, оған өзгерістер мен толақтырулар енгізу, тергеп тексеру мерзімдерін үзу, тоқтату туралы шешімдерді прокурордың келісімімен ғана жасалып, бекіткеннен кейін ғана заңды күші болады.

Өткен мерзімде полициямен 400 жуық негізгі шешімдер қабылданып, оның ішінде 25 шешімдері заң талаптарына қайшы болғандықтан уәкілетті прокурорлармен келісуден бас тартылды.

Жаңа қабылданған Заңның берер нәтижесі және азаматтардың құқықтарын барынша қорғауға қызмет ететіндігі жан-жақты айтылып, аудан прокуратурасымен заңның мүлтіксіз сақталуына бағытталған барлық іс-шаралар атқарылып жатыр.

Жылыой ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521