Қылқалам шеберлері Жылыойда болды

Былтыр Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында республикалық деңгейде плэнер экспедиция жұмысы басталған болатын.

Осы жоспарланған экспедиция негізінде 20 қыркүйек күні жазушы, суретші, сазгер І.Жақанов бастаған 20-ға жуық қылқалам шеберлері киелі Жылыой жеріне аяқ басты.

Экспедиция құрамында белгілі журналист, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының басшысы Қ.Әуесбай және Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Т.Орынбасарұлы да болды.

Аудан әкімі А.Бекет «Ауа райының қолайлы кезінде Жылыойға жасап жатырған сапарларыңыз сәтті болсын!» деп қуанышты көңіл күйін білдіріп, қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алды.

Еліміздің сакралды картасына 100 жер енген болса, соның 7 сакралды мекені Атырау облысында. 3 күнге созылған экспедиция құрамының мақсаты - Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының Иманқара, Ақмешіт, Құлшан ата секілді қасиетті орындарын қылқалам арқауына айналдыру.

Өнер зерттеушісі, жазушы І.Жақанов: «Қойнауы қазынаға толған, тарихы терең Жылыой жері бізге ыстық. Ең алғашқы мұнай кені атқылаған қара топырақ та - осы Құлсары мекені. Халқы қонақжай, меймандос Кең Жылыой жеріне тағы да табанымның тигеніне қуаныштымын. Осының бәрі - тәуелсіз, ынтымағы жарасқан ел болғанымыздың арқасы. Бүгінгі шараға кәсіби дәрежедегі суретшілердің қатысуы да - осы Жылыойдың кеңдігінің, киелі жер екендігінің дәлелі»- деп ізгі ойын білдіріп, шараның басы-қасында болып, көмегімді көрсетемін деген аудан әкімі А.Бауыржанұлына алғысын білдірді.

Осындай зиялы азаматтардың, атақты суретшілердің тарихы зор Құлсары жеріне келіп, тарихи орындарына жан бітіріп, бейнелеу өнерінің өзекті тақырыбына арқау етуі - біз үшін мақтаныш.

Ш.Хамитова

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521