Ұялы телефон иесі анықталды

Оқырмандардың өздері қоржыннан түбіртектерді суырды.

2020 жылдың жазылу науқанында газетімізге 1 жылға жазылған оқырмандар арасында ұтыс жариялап, басты ұтыс сыйлығына смартфон ойнатылатынын алдын ала хабарлаған болатынбыз. Өткен жұма күні газет редакциясында ұтысқа қатысуға ниет білдірген 152 оқырманымыздың арасында ұтыс ойыны өткізіліп, ұялы телефонның да иесі анықталды.

Сол күні редакциямызға оқырмандар ағылып келді. Ұтыс ойыны әділ өтуі үшін олардың бір жыл бойы «Кең Жылойға» жазылған түбіртектері көпшіліктің көзінше ұлттық нақыштағы оюлы қоржынға салынды. Оқырмандардың өздері қоржыннан түбіртектерді суырды. Әп дегеннен-ақ жолы болған ұтыс иесінің аты-жөні де белгілі болды. Заманауи үлгідегі смартфонды Қосшағыл елді мекенінің тұрғыны Сансызбай Асқабылов есімді оқырманымыз ұтып алды. Бірақ ол ойынға белгілі бір себеппен келе алмай, орнына жұбайы Мәншүк Хайруллинаны жіберіпті.

loto

Мәншүк жары Сансызбайдың «Ұтыс ойынына қатысамын деп әуре болма, жүздеген адамның ішінде сенің жеңбейтінің белгілі ғой, босқа уақытыңды алып барма» деп әзілдеп айтқан сөзіне қарамастан үлкен үмітпен келгенін айтады. Жеңімпаз осындай су жаңа ұялы телефонға қол жеткізгеніне сенер-сенбесін білмей, қуаныштан төбесі көкке екі елі жетпей тұрғанын жасыра алмады. Смартфоннан бөлек ұтыс ойынында қымбат маркалы құлаққаптар, дыбыс ұлғайтқыштар (колонка) және флешкалар ойнатылған болатын.

Екі құлаққаптың біреуі Сәттіғұл Құрымбаевқа бұйырса, енді бірі Г.Орынғалиеваға бұйырды. Аудан тұрғындары Гүлжан Қосанова мен Аманжол Төлеубаев дыбыс ұлғайтқышқа ие болды. Қалған 16 GB-тық флешканы Гүлжан Ерғалиева, Жәмила Қыстаубаева және Нұрмұхаммед Есенәліұлы ұтып алды.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521