"World Clean Up Day " акциясы Жылыойда жалғасын тапты

Акция аясында 140 тонна қоқыс шығарылды.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылып отырған дүниежүзілік экологиялық акцияға жылыойлықтарда қолдау білдіріп, бір кісідей атсалысты.

Әкімдік қызметкерлері өндірістік мекемелер қызметкерлері, еріктілер және тұрғындар жұмыла күш біріктіріп аудан аумағына жаппай сенбілік шараларын ұйымдастырды. Аудан аумағындағы қоғамдық орындарға, саябақтарға, діни нысандар, мектептер айналасына, көшелер бойына тазалық жұмыстары кеңінен жүргізілді.

1909201

"Қамыскөл" жағалауы әр түрлі тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан тазартылды. Күннің ыстық мезгілінде жағалау бойына тұрғындардың демалуға көптеп келетіні белгілі. Ең өкініштісі келушілердің тазалық қағидаларын сақтауға келгенде аса мән бермей, салғырттық танытатыны.

Бірнеше айдан бері қаулап өскен арамшөптер жұлынып, тау-тау болып үйілген 140 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілік шараларын өткізуге барлығы 500 адам жұмылдырылды.

Жиналған қажетсіз қалдықтар 10 арнайы техникаларға тиеліп, тиісті орынға жеткізілді.

#TAZAQALA

#MENIN QALAM

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521