«Время атома» - Қосшағылда

«Қосшағыл» мәдениет үйінде америкалық режиссер Оливер Стоунның «Время атома» фильмі үлкен экраннан көрсетіліп, еліміздегі өзекті мәселе атом станциясы жайында ауыл тұрғындарына оң көзқарас қалыптастырды.
Фильм көрсетіліміне жергілікті ауыл тұрғындары мен жастар барып, кино желісінен ақпарат ала отырып, саяси жобалардың ел келешегі үшін маңызды мәселе екенін түсінді.

«Время атома» фильмі экологиялық мәселелерді қозғайтын деректі фильм. Мұнда фильм авторлары ғаламшардың экологиялық мәселелерін құтқарушы көз - атом энергетикасы деп түсіндіреді. Егер барша адамзат болашақтағы экологияға алаңдаушылық білдірмесе, оның аяғы климаттың жыл сайын өзгеріп, соңы үлкен апатқа ұласатынын жеткізген. Бірақ миллиардтаған адамның қауіпсіз энергия көзіне қандай көзқарас танытқанын фильм желісі бойынша түсінуге болады.
Фильм жиналғандардың екі сағат қана уақытын алды. Алайда сол уақыт аралығында атом электр станциясының келешегіміз үшін маңыздылығы көрсетіліп, көрермендердің көкірек көзін оятты. Тапжылмастан кино көрген ауыл тұрғындары мұндай деректі фильмдердің өз ауылдарында жиі көрсетіліп тұрса деген тілегін жеткізді. ​

Диана Ізбасарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT