Волонтёр студенттердің шәкіртақысын өсіру

Жастардың қоғамдық жұмыстарға деген белсенділігін арттырады

Елбасы өткен жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында жастарды жан-жақты қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екенін айтты. 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Міне, Астанадағы «Нұр әлем» көрме кешенінде Елбасының қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды. Елдің жаңа буынына деген қамқорлығы Қазақстан Республикасының халқының төрттен бір бөлігін құрайтын адамдарға терең сенімге негізделген. Елімізде жастарға қолдау көрсету үшін мемлекеттік бағдарламалар жасалды және олар табысты жұмыс жасауда. Олардың арқасында бүгінде біздің еліміздегі жастар сапалы білім алып, жаңа мамандықтар меңгеріп, өз үйлеріне ие болып, жұмыс істей бастайды.

Мемлекет басшысы Үкіметке жас қазақстандықтардың өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қарапайым және түсінікті қолдау амалдарын тапсырып отыр. Бүгінде олар бәріне белгілі - қолжетімді және сапалы білім беру, тұрғын үйге қолжетімділік, жұмыс, отбасын құру мүмкіндігі. Президент жастармен кездесу кезінде жастардың арасындағы еріктілер жұмысын жандандыруға шақырды. «Үкімет волонтёрлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орны студенттерінің шәкіртақысын көтеру бойынша жұмыс атқаруы керек. Шамамен 30%-ға көтеруге болады. Бұл - студенттерге қолдау, ал халыққа пайда болар еді», - деді Президент.

Талғат Баданов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521