Вокзал мен ХҚКО дезинфекцияланды

Республика бойынша ХҚКО-ның жұмыс кестесі 09.00-17.00-ге дейін қысқартылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылдың 15 наурызында «Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізу» туралы Жарлыққа қол қойған болатын. ⠀

vokzal1

Осы орайда Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде «ЖылыойДезсервис» ЖШС-нің қызметкерлері Құлсары вокзалына және Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.

dez201

Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша ХҚКО-ның жұмыс кестесі 09.00-17.00-ге дейін қысқартылды.

d

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді.

Мұндағы мақсат - азаматтардың шоғырланбауын қадағалап, жұқпалы дерттің алдын алу.

Жылыой ауданы әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521