Вахташыларға өз таңдауын жасауға барлық мүмкіндіктер жасалған

Құлсары қаласындағы нөмірі 239-шы сайлау учаскесіне тіркелген дауыс берушілердің жалпы саны - 2188. Оның 315-і Теңіз қалашығында жұмыс істейді. Вахталық ауысыммен қызмет ететін сайлаушыларға өз таңдауларын жасау үшін бар жағдай жасалған.

- Сайлау әдеттегідей  өз деңгейінде өтіп жатыр. Дауыс берушілердің көп бөлігін орта жастағылар құрайды. Қазіргі уақытқа дейін  200-ге тарта сайлаушы келді. Үйден өтініш бергендер жоқ. Ал Теңіз қалашығында 300-ден аса сайлаушы белсенді түрде дауыс беруде,- дейді аталған сайлау учаскесінің төрағасы Марат Ибраев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT