Вахтадағы шопандар

Ауданымыздағы өткен жиналыстар кезінде қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар мал бағуға бармайтыны туралы жиі айтылады. Сонымен қатар бақташылық, жалпы шаруалар туралы насихаттың аздығын да айтып жатады.

Жақында ауылдағы шаруалардың жайын білу мақсатында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерлан Нұрғановпен бірге Қара-Арна ауылдық округіне жол тарттық. Шоқпартоғай ауылынан бізді «Жомарт» шаруа қожалығының жетекшісі Ақмұрат Байжанов күтіп алып, әрі қарай қыстаққа қарай беттедік. Жол талғамайтын көлікпен жүйіткіп отырып, қаламыздан 50 шақырым қашықтықтағы Шиқора деген жерде орналасқан қыстақ басына жеттік. Шопандар демалатын шағын қыстақтың іші жып-жылы. Қырдың анау беткейінде мыңға жуық қой-ешкі жайылып жүр. Көлігімізбен сол жаққа қарай бет алдық. Жақындай бергенде атқа мінген бақташы да көрінді. Ол аға шопан Қыдырбай Көбесов деген азамат екен. Аман саулық сұрасып, шопандардың жағдайын біліп, әңгімелестік.

Толығырақ газетіміздің 21 ақпандағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521