Үш тілді жетік меңгерген жастар

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен “Кең Жылыой” аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Тіл шебері-2022” атты үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы аудандық байқау болып өтті.

Бұл шара ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” аясында мемлекеттік тілдің қолданыс ауқымы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді жетік меңгерген полиглот жастарды қолдап, ынталандыру мақсатында өткен еді.

Байқауға қатысушы үміткерлер “Мәдениеттаным”, “Ұлттаным”, “Өнертаным” атты кезеңдер бойынша бақтарын сынады.

Сайыстың I кезеңінде қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға экраннан ұяшық таңдау арқылы қазақ тілінде жауап берді. Ал II кезеңде қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап берді. III кезеңде үміткерлер үш тілде үш жаңылтпашты жаңылмай үш рет айтудан жарысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге “Болашақ-Атырау” мекемесінің қызметкері Жұмагүл Сариева ие болды. I орынды Жылыой аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкері Айзада Қайырбекова жеңіп алса, II орынға №13 жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын пәні мұғалімі Шынар Аяғанова шықты.

III орын бірден екі жеңімпазға бұйырды. Олар: №16 жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын пәні мұғалімі Арайлым Бегениязова мен №3 жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын пәні мұғалімі Ақбота Ізтұрғанова.

Байқауға қатысып, өнер көрсеткен барша үміткерлерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз