Улы және табиғи газдан уланудан сақ болайық

Республика бойынша жылу беру кезеңінде адам өлімі мен олардың жарақат алуының, оның ішінде улы және табиғи газдан улануының оқиғалары көбеюде, осыған орай Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар горнизонымен ауқымды профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй секторын аралау кезінде Төтенше жағдайлар горнизоны қызметкерлері, Жылыой аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ еріктілерімен және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, / Өрт қауіпсіздігі/ тақырыбында жаднамалар таратылуда.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жылу беру кезеңінде, тұрғын секторындағы өрттің алдын алу іс – шараларын жүргізу жоспарына сай, халықтың қорғалмаған тобы үйлеріне (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер) көмек ретінде, 2020 жылы 40 дана және ағымдағы жылдың жылыту маусымы кезеңінде 30 дана «Carbon Monoxide Alarm» маркалы көмірқышқыл газын анықтайтын датчигі орнатылады.

Атқарылған профилактикалық жұмыстар арқасында оқыс оқиғалардың орын алуы азайып отыр. Атап айтқанда, 2020 жылы аудан бойынша улы және табиғи газдан улануы фактілері бойынша 5-оқиға орын алып, 31 адам оның ішінде 24 бала, 2021 жылы 3-оқиға орын алып, 4 адам оның ішінде 2 бала және 2022 жылы 1-оқиға орын алып, 1-адам зардап шегіп, аудандық орталық ауруханадан ем алып шыққан. Оқиғалар тұрғындардың абайсыздығынан, газ және газбен жабдықтау ережелерін бұзу салдарынан орын алып отыр. Мысалға; Құлсары қаласында орналасқан көп қабатты үй пәтерлер иелері өз еркімен жеке жылыту қазандығын орнатып және конструкциялық өзгерістер жүргізіп қауіпсіздік талаптарын бұзуда.

Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Жылу беру маусымында қауіп-қатер екі есе өседі. Пештер мен жылу қазандықтарын қосар алдында қарау жұмыстарымен мұржаларды тазалау жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін сақталуын бақылаңыздар. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Біз өзіміздің және балаларымыздың баға жетпес өмірін сақтаймыз.

Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар горнизоны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT