Учаскелік комиссияның жұмысы оңай болған жоқ – халықаралық байқаушы

Учаскелік комиссияның жұмысы оңай болған жоқ. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ тәуелсіз бақылаушылар миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вайц айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Учаскелер әкімшілігі өз жұмысына жауапты қарады, олардың өз ісіне деген жауапкершілігіне көңілім толды. Олардың жұмысы оңай болған жоқ», – деді Ричард Уильям Вайц.

Баспасөз конференциясы барысында байқаушы қоғам өкілдерінен, партиядан байқаушыларды шақыратын қазақстандық тәжірибеге таң қалғанын айтты.

«Бұл – қызық әдіс, Америкада ондай әдіс жоқ. Мен үшін бұл тәжірибе пайдалы болды. Мен ол адамдармен сөйлестім, сұрақтарымды қойдым», – деді спикер.

Айтуынша, жергілікті сайлау комиссияларының тағы бір ерекшеленген тұсы – мүмкіндігі шектеулі адамдарға дауыс беруге жағдай жасалғаны. «Алматының сайлау учаскелері цифрландырылған. Ертең, 21 қарашада Астанаға жолға шығам. Онда да осы жұмысты жалғастырам. Сарапшылармен кездесем. АҚШ-қа қайтқаннан кейін есеп жазуға кірісем»,- деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз