Учаскелік инспекторлар халыққа жақын болуы керек

Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары тобының аға инспекторы міндетін атқарушы, полиция капитаны Мамырхан Мұсахановтың хабарлауынша, биылғы жылдың ақпан айының 23-інен бастап облыс көлемінде «Аумақтық» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Маусымның 30-ына дейін созылатын шара кезінде негізгі міндет жергілікті жердегі учаскелік полиция инспекторларына жүктеледі. Мақсаты қарапайым халық арасында ішкі істер органының абыройы мен беделін көтеру, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру арқылы тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Сонымен бірге өздері қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесіп, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алуға да жұмыстанады.

-Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтағы ішкі істер органының өкілі болып табылады. Сондықтан іс-шара кезінде олар өздеріне бекітілген аумақтағы тұрғын үй мен пәтерлерді аралап, тұрғындарға өзін таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізеді. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығы негізінде өзінің атқарған жұмысы жөнінде халыққа әр тоқсан сайын кемінде бір рет есеп береді,-дейді М.Мұсаханов.

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521