Жылыой ауданының тұрғындары бүгінгі маңызды шараға белсенді қатысып жатыр. Әсіресе жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл шаруашылық саласының өкілдері, жасы үлкен қариялар таңмен таласа келіп қазіргі уақытқа дейін өз таңдауларын жасауда.
Ауданда аймақ бойынша жұмыс істеп тұрған 24 сайлау учаскесінде 43 мыңнан астам сайлаушы өз дауысын берген. Әлі де дауыс беру пунктеріне келіп жатқандардың қарасы қалың.