Тыл майданының сарбаздары

Аудандағы тыл ардагерлерінің басым бөлігі кент және ауылдарда тұрады. Олардың қатарында Т.Ақмұрзиева, А.Сабетова, Қ.Медеуова, И.Имашев, Т.Шәтенов, С.Ізекеновтер де бар.

"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Темірбаева бастаған аудандық партия филиалының қызметкерлері тыл майданында бел шешпей еңбек еткен қариялардың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Ардагерлердің жағдайын біліп, соғыс кезіндегі көрген бейнеттерін өз ауыздарынан естіді. Ардагерлер өткен шақтан естелік айтып, жас ұрпаққа батасын берді.

"Біздің сол бір қиын-қыстау кезеңімізді бүгінгі ұрпақ көрмесін. Қазір аянбай еңбек еткен адамға барлық мүмкіндік қарастырылған. Ең бастысы тыныш, бейбіт уақыттың қадірін білуіміз керек",-дейді көпті көрген қариялар.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT