Туризмдегі кемшіліктерді сынға алды

Туризм саласы – қай елдің де айнасы. Туризмі дамыған мемлекеттің экономикасы да мығым болады. Ал, біздің елде бұл сала ақсап жатыр. Ауданымызда тіпті нашар десек те болады. Оған көптеген факторлар әсер етеді. Билік пен бұқара бірігіп қолға алмасақ, тарихи мұраларымыз, табиғаттағы тамаша демалыс орындары, жалпы туризм атаулы жоқ болып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, бүгіннен бастап білек сыбана кірісуіміз керек. Бұл саладағы кері кеткен жүйе мен баяу жұмысты Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та тілге тиек етіп, сынға алды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев:

уризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр. Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес,-деді сөзінде.

Шыны керек, біздің ауданда да көптеген тарихи немесе табиғаттың тылсым күшіне ие орындар жетерлік. Бірақ, ол туралы не халық білмейді немесе инфрақұрылымның нашарлығынан барудың өзі машақат. Әйтпесе, Жылыойда да шетелден турист шақыра алатындай мекендер баршылық. Осы салада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, нақты реформалар мен жұмыстар жасалуы тиіс деп есептеймін. Әлемге көз салсақ, сол туризмнің арқасында дамып, алға озған мемлекеттер бар. Солардың көшінен қалмай, біз де аталған саланы ілгерілетер болсақ, ел қазынасына қомақты қаражат құйып, экономикамызға да оң серпін берері даусыз.

 

Гүлсезім Амантурлина,

“Кең Жылыой” аудандық мәдениет үйінің жастар және балалармен жұмыс бөлімі меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT