Жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесі, олардың қауіпсіздігі бүгінгі таңда аудандағы ең өзекті мәселелердің қатарында тұр. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен олардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүруінің, тұрғын үйден тыс болуының жолын кесу үшін көптеген рейд шаралары құзырлы мекемелермен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Аудандық полиция бөлімі ақпан айының басында жасөспірімдерге алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын өткізу фактілерін болдырмау мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.
Жоспарланған рейдтік шараны ұйымдастыру барысында 3 тірек бекетінің қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 17 жасөспірімді анықтап, поли- ция бөліміне жеткізді.
Ш.МҰХТАРҚЫЗЫ